Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Катонқарағай ауданындағы бір ауылдың халқы қысы-жазы суды тасып ішіп отыр

Топқайыңда су құбырын тарту жұмыстары үш жыл бұрын басталған, бірақ аяқсыз қалған

Усть-Каменогорск и ВКО / Улкен Нарын (Катон-Карагайский р-он) / Катонқарағай ауданындағы бір ауылдың халқы қысы-жазы суды тасып ішіп отыр
Фото:
pexels.com

Тендерді жеңіп алған мердігер компания ауыл ішін астаң-кестең қазып тастаған, деп хабарлады Qazaqstan ұлттық арнасы.

Топқайың ауылына су құбырын тарту үшін екі жыл бұрын мемлекеттік бюджеттен 597 миллион теңге бөлінген, жұмыстар басталған. Бірақ осы уақытқа дейін аяқталмаған. Құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер компания қазып кеткен шұңқырлар әлі тұр. Тіпті, оған елдің сиырлары түсіп өліп жатқан көрінеді.

Бұрын ауылдың әр көшесінде құдық болған екен. Қазір жалғыз құдық қалған. Халық арбаға бидон артып, су тасуға мәжбүр.

Барлық колонканы алып тастады. Тым болмағанда бір колонка қалдырыңыздар дегеніміз жақсы болған екен. Осымен халық су алып, күн көріп жүр, - дейді ауыл тұрғыны Найманғазы Ибраев.

Ал ауыл шетінде тұратындар құдық алыста болғандықтан, ағып жатқан өзеннен тасып ішіп жүр. Бірақ бұл қарттарға қиын әрі қыста оқыс.

Мұздың үстіне екпеттеп жатасың. Шелекті жібересің, иін ағашпен шлекті көтересің. Кейбір кезде өзім бірге түсіп кетем бе деп қорқамын. Сол үшін суға келе жатқан біреу-міреу бар ма деп терезеден аңдып отырамын, - дейді 70-тен асса да арқалап су тасып жүрген Гүлнәр Тәукенова.

Ауыл тұрғындары жағдайларын аудан әкіміне айтқандарын, бірақ әлі ауылға келіп, өз көзімен көрмегенін айтады.

Аудан әкімінің өзі де Топқайыңдағы су құбыры құрылыс жұмыстары нақты қашан аяқталатындығын айтпады.


Жоба жасаған кезде жергілікті тұрғындар қора қопсысын, бау-бақшасын үлкейткеннен кейін құбыр жүргізу қиыншыққа түсті, - деді Катонқарағай ауданының әкімі Ділдар Қалиқан.

Ал жергілікті тұрғындар құбыр тартылмаса да қазылған шұңқырларды жауып берсе деген ниетте.


Следующая →