Өскемен
Бұлтты
+1°
  • Өскемен
    +1°
  • Семей
    -1°
  • Алматы
    -1°
  • Риддер
    -2°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -19°
  • Ақтау
    -3°
  • Атырау
    -12°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -16°
  • Қостанай
    -23°
  • Қызылорда
    -7°
  • Павлодар
    -7°
  • Петропавловск
    -21°
  • Тараз
    -1°
  • Түркістан
  • Орал
    -23°
  • Шымкент
    -1°
$
495.1
-3.55
583.72
-5.34
¥
71.33
-0.51
6.46
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Катонқарағай ауданында ауру мал саны 200-ден асты

Осыдан бір апта бұрын Катонқарағай ауданындағы екі ауылда ұсақ мал ауруына байланысты карантин жарияланған болатын

Усть-Каменогорск и ВКО / Катон-Карагай (Катон-Карагайский р-он) / Катонқарағай ауданында ауру мал саны 200-ден асты

Бұл туралы "Ашық" НҚА порталында жарияланған елді мекен әкімінің шешім құжатында жазылғанын жариялаған болатынбыз.

Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2023 жылғы 7 наурыздағы ұсынысына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округінің Шыңғыстай, Жаңа Үлгі ауылдарында мүйізді ұсақ мал арасында қой күлі (оспа) ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін, - делінген Катонқарағай ауылдық округінің әкімі Қайрат Нұрқанов шығарған шешімде.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мәлімдегендей, қазіргі таңда күл ауруымен ауырған малдың саны 200-ден асты. Індет алғаш рет осы жылдың 17 ақпанында тіркелген.

Жұқпалы ауру таралуының шарықтау шегі өтіп кетті. Малдар қырылған жоқ. Ветеринарлар сол жерлерде жұмыс істеп жатыр. Емдеуде антибиотикалық терапия қолданылуда, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы.

Ведомство дерегінше, осыған дейін облыста ұсақ малда күл ауруының өршуі 2000 жылдардың басында тіркелген екен.

Следующая →