Оралхан Бөкейдің мұражай үйі қайта ашылатын болды
Катонқарағай ауданындағы Оралхан Бөкейдің үйіне 10 жылдан кейін жөндеу жүргізілмек
Бұл туралы аудан әкімі Ділдар Қалиқан өзінің жеке парақшасына жариялады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұл музей-үй бірнеше жылдан бері есік-терезесі шегеленіп иен тұрған еді. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, дарынды публицист Оралхан Бөкейдің 80 жылдығы қарсаңында биыл қара шаңырағы қайта мұражай болып ашылмақ.
Көпшіліктің тілеуімен 10 жыл дегенде Оралханның үйіне жөндеу жүргізу жұмыстары қолға алынады. Үйдің кілтін алдық. Ендігі кезекте жөндеу жұмыстары басталады. Ауыл ақсақалдары, Оралханның жолдастарымен осы үйдің жағдайын көріп, алдағы уақытқа жоспарлар жасап қайттық, - дейді аудан әкімі Ділдар Қалиқан.
Следующая →