Катонқарағай ауданының тұрғындары көмірмен толық қамтылды
Катонқарағай ауданында халықты көмірмен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша халық 5000 тонна көмір алуы тиіс
Катонқарағай ауылындағы орталық жылу қазандығына 605 тонна көмір әкелінді. Тәулігіне жалпы шығын 13 тонна, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Сондай-ақ Өрел мектебі де тапсырыс берілген 660 тонна көмірмен қамтамасыз етілді.
2024-2025 жылғы қысқы маусымға арналған көмір тасымалы келісімшартқа сәйкес Қаражыра кен орнынан жүзеге асырылады. Көмір Алтай қаласына дейін вагондармен жеткізіліп, Зубовка ауылындағы “Шығыс дәрмен” қабылдау және тарату нүктесіне түсіріледі. Көмірді жеткізу және тарату жұмыстары ары қарай да жалғаса бермек, - дейді Катонқарағай ауданының әкімдігі.