Өскемен
облачно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +8°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +15°
  • Павлодар
    +5°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +15°
$
479.23
+0.69
534.96
+1.20
¥
68.35
+0.10
5.16
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Үлкен Нарын ауданына әкім тағайындалды

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Үлкен Нарын ауданына жұмыс сапары барысында жұртшылыққа жаңа әкімді таныстырды

Усть-Каменогорск и ВКО / Улкен Нарын (Катон-Карагайский р-он) / Үлкен Нарын ауданына әкім тағайындалды
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен

Бұл қызметке бұрын Үлкен Нарын ауданы әкімінің орынбасары болған Елдос Байрахметов тағайындалды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Елдос Жанболатұлы Үлкен Нарын ауданының тумасы. 2009 жылы Экономика және қаржы колледжін, сондай-ақ 2015 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін бітірген.


Әр уақытта «Қазақтелеком» АҚ, «Астанателеком» кәсіпорнында жұмыс істеді. 2019 жылдан бастап "Ертіс" ӘКК "АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 2021 жылдан бастап Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесінің кеңесшісі болып жұмыс істеді. 2022 жылы Шығыс Қазақстан облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды. 2023 жылдан бастап облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. 2024 жылдың ақпанынан бастап Үлкен Нарын ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Облыс басшылығы жаңа әкімнің алдына Үлкен Нарын ауданының инфрақұрылымын, әлеуметтік-экономикалық және туристік салаларын дамыту жөнінде бірқатар міндеттер қойды.

Следующая →