Алаяқтар Катонқарағай ауданы әкімінің атынан жазып жүр
Катонқарағай ауданы әкімінің атынан WhatsApp мессенджері арқылы бәз біреулер хат жазып жүр
Аудан әкімдігі бұл алаяқтардың әрекеті екенін ескертеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Аудан әкімі Данияр Дюсембаевтың атынан WhatsApp мессенджері арқылы осындай хабарламалар келіп жатыр. Бұл - алаяқтардың әрекеті, - деп мәлімдеді Катонқарағай ауданы әкімдігі. - Әкімдік тарапынан мұндай жеке хабарламалар жіберілмейді.
Тұрғындарға күмәнді нөмірлерден келген хабарламаларды елемеу немесе блоктау ұсынылады. Жеке мәліметтеріңізді ешкімге таратпаңыздар және осындай жағдайларға тап болғанда, құқық қорғау органдарына хабарласуларыңызды сұраймыз.