Катонқарағай ауданына жаңа әкім тағайындалды
Бүгін өңір басшысы Ермек Көшербаев Катонқарағай ауданының активіне жаңа әкімді таныстырды
Катонқарағай ауданына әкім болып Данияр Дүйсенбаев тағайындалды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Оған дейін Данияр Дүйсенбаев Шығыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментін басқарған.
Данияр Дүйсенбаевтың түрлі мемлекеттік органдарда үлкен жұмыс тәжірибесі бар, ол ұзақ уақыт бойы Өскемен әкімдігінің істер басқармасында, сонымен қатар Риддер қаласы әкімдігінің аппаратын басқарды. Бір жылға жуық ол Риддер әкімінің орынбасары қызметін атқарды.