Өскемен
облачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +6°
  • Ақтөбе
    +5°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +7°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +11°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    -6°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +13°
$
524.94
+2.45
602.79
+1.72
¥
73.66
+0.32
6.45
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Президент кеңесшісі Үлкен Нарын халқымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді

Усть-Каменогорск и ВКО / Улкен Нарын (район Улкен Нарын) / Президент кеңесшісі Үлкен Нарын халқымен кездесті
Фото:
ШҚО ІСБ ұсынды

Бүгін ол Үлкен Нарын ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мәлік Отарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіріп, онда айқындалған басым міндеттердің өңірлік деңгейде жүзеге асырылу барысына тоқталды.

Кездесу барысында аудан әкімі мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері Үлкен Нарын ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ауданның негізгі экономикалық көрсеткіштерінің тұрақты өсім көрсеткенін атап өтті.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 9,3 млрд теңгені құрап, өсім 119 пайыз болды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 14,6 млрд теңгеге жетіп, 7 пайыз артты. 39 жаңа ауылшаруашылық техникасы сатып алынып, шаруаларға 223 млн теңге субсидия берілді. "Кең дала-2" бағдарламасы аясында 21 шаруа қожалығы 528 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды. Туризм саласында да оң серпін байқалып, 2025 жылы ауданға келген туристер саны 15 мыңнан асты, - деп мәлімдеді аудан билігі.

Сонымен қатар, инфрақұрылымды дамыту бағытында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде, Үлкен Нарын ауылында 77 км су жүйесі қайта жаңартылуда, ауданның 10-нан астам көшесіне орташа жөндеу жүргізілді.

Білім мен медицина саласында да маңызды жаңалықтар бар. Барлық мектептер интернетке толық қосылған, оның ішінде сегіз мектеп Starlink жүйесін пайдаланады, "Цифрлық және мобильді мұғалім" жобалары іске асырылып, шалғай ауыл оқушыларына сапалы білім алу мүмкіндігі кеңейтілуде. Ал аудандық ауруханаға заманауи компьютерлік томограф пен басқа да медициналық құрал-жабдықтар алынған.

Қоғамдық кеңес мүшесі Қайрат Бопуров Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған бағыттардың ауыл өмірін жаңғыртуға үлкен серпін беретінін атап өтіп.

Жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды ауыл өміріне енгізу – жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады, ел дамуына әр буын өз үлесін қосуы тиіс, – деді ол.

Сондай-ақ кездесуге қатысқан "AMANAT" партиясының аудандық филиалының өкілдері партияның жол картасы мен Президент Жолдауын орындау бойынша жүргізіп жатқан жұмыстар туралы баяндап өтті. Мәселен, партия бастамасымен 2025 жылы жоспарланған 47 іс-шараның 32-сі толық орындалып, қалғандары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. "Жер аманаты" жобасы бойынша 12 821 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, жоспар 160 пайыз орындалған.

Президент Жолдауында көрсетілгендей, жасанды интеллект дәуіріне бейімделу – уақыт талабы, Үкімет, жергілікті билік және қоғам өкілдері күш біріктірсе, Үлкен Нарын өңірі заманауи, цифрлық және тұрақты даму жолында үлгі бола алады, – деп атап өтті Мәлік Отарбаев.

Следующая →