Өскемен
ясно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +27°
  • Астана
    +21°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +23°
  • Көкшетау
    +17°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +24°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +30°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +29°
$
507.07
-3.52
572.53
-6.38
¥
70.37
-0.52
6.37
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Үлкен Нарында жер қазу кезінде екі жұмысшы қаза тапты

Кеше Үлкен Нарын ауылында су құбыры жарылған

Усть-Каменогорск и ВКО / Улкен Нарын (район Улкен Нарын) / Үлкен Нарында жер қазу кезінде екі жұмысшы қаза тапты
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Апатты қалпына келтіру және жер қазу жұмыстары кезінде топырақ опырылып, екі қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Оқиға орнына Шығыс Қазақстан облысының әкімі барып, қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетілетінін айтты.

Үлкен Нарын ауылында су құбыры жарылған жерде апатты қалпына келтіру және жер қазу жұмыстары кезінде топырақ опырылып, "Нарын КомХоз Сервис" коммуналдық кәсіпорнының екі қызметкері - дәнекерлеуші Ержан Айтпаев (1983 жылы туған) және слесарь Сергей Кастерин (1970 жылы туған) қаза тапты.

Оқиға орнында облыс әкімі арнайы комиссия мүшелеріне өндірістік және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты қолданыстағы регламенттерді түбегейлі қайта қарау қажеттігін атап өтті.

Бейбіт, тұрақты уақытта өндірістік қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан адам өлімінің орын алуы мүлде жол берілмейтін жағдай. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы кез келген кәсіпорын үшін ең жоғары басымдықта болуы тиіс - бұл кез келген экономикалық мүддеден маңызды. Әкімдік атынан қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтып, біз оларға жан-жақты қолдау көрсететімізді жеткізгім келеді. Сонымен қатар, тиісті органдарға оқиғаның себептерін анықтап, оған кінәлі адамдардың жауапкершілігін белгілеу үшін жан-жақты әрі әділ тексеру жүргізуді тапсырдым, - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Оқиғаны тергейтін комиссияның төрағасы - Шығыс Қазақстан облысының бас еңбек инспекторы Бақытбек Қизатовтың айтуынша, алдағы он күн ішінде оқиғаға байланысты жан-жақты тергеу жүргізіледі. Қажет болған жағдайда тергеу мерзімі 30 күнге дейін ұзартылып, салалық сарапшылар тартылатын болады. Қорытынды материалдар құқық қорғау органдарына және сот инстанцияларына беріледі.

Облыс әкімі өндірістік жарақаттардың алдын алу мәселелеріне кешенді түрде қарау қажеттігін ерекше атап өтіп, әсіресе адамдардың өміріне қауіп төндіретін жағдайларда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау облыс басшылығының тұрақты бақылауында болатынын жеткізді.

Қаза тапқандардың отбасыларына республикалық бюджеттен өтемақы төленеді, сондай-ақ сақтандыру тетіктері арқылы қарастырылған өтемақылар беріледі. Өңір басшысы марқұмдардың туыстарымен жеке кездесіп, олардың назардан тыс қалмайтынын және оларға тиісті көмек көрсетілетінін айтты.

Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі
Следующая →