Шемонаихада көлікжайда жатқан күнбағыс пен бидай өртенді
Көлікжайда 40 тонна күнбағыс тұқымы мен 30 тоннаға жуық бидай болған
Өрт сөндірушілер мен шаруа қожалығының қызметкерлері түнімен тілсіз жаумен арпалысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Шемонаиха қаласында Жуков көшесіндегі шаруа қожалығының аумағында жүк көліктеріне арналған гаражда уақытша сақтауда жатқан шамамен 40 тонна күнбағыс тұқымы мен 30 тоннаға жуық бидай өртенді, Өрттің алдын ала ауданы - 300 ш.м., - деп хабарлады ШҚО ТЖД.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 8 адам және 3 техника, сондай-ақ 4 шаруа қожалығының қызметкері және 2 техника жұмылдырылған.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлімдегендей, өрт сағат 21.02-де толығымен сөндірілді.