Асыл тұқымды сиырлардан жоғары сапалы сүт өндіріледі
Шемонаиха ауданында Голландиядан әкелінген 600 бас гольштейн тұқымды сиырлар сүт өндірісінің сапасын арттырды
Шемонаихалық шаруа қожалықтары Голландиядан, Нидерландыдан асыл тұқымды сиырларды алып, өңірдегі ақтың өндірісін жаңа деңгейге көтермек. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі Ольга Булавкинаның Шемонаиха ауданында болған жұмыс сапары барысында айтылды.
2020 жылдың желтоқсан айында Голландиядан гольштейн тұқымынан 332 сиыр "Рулиха" ЖШС жеткізілді. Жануарлардың келесі партиялары 2021 жылдың мамыр - қыркүйек айларында әкелінді. Осылайша, әкелінген табын 600 басты құрады. Қазір "Рулиха" ЖШС-де 290 сиырдан тұратын жөндеу табыны құрылды, олар осы жерде дүниеге келді.
Шаруашылықта тәулігіне майлылығы 5%-ға дейін 12000 литр сүт өндіріледі және сүттерді өңірлік өндірушілер "Эмиль" ЖШС және "Восток молоко" ЖШС-на тапсырады, - деп атап өтті аудан әкімі Григорий Акулов.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта Нидерландыдан жеткізілетін 490 сиырға арналған тағы бір мал шаруашылығы кешенінің құрылысы қызу жүріп жатыр. Қараша айына қарай барлық құрылыс жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда.