Биыл Шемонаихада жаңа көпір салынады
Үбі өзені үстінен өтетін көпір жобасының құны – 8 млрд теңге

Жобалық-сметалық құжаттар дайын және мемлекеттік сараптамадан өткен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Шекаралық аймақ үшін жоба елдің бет-бейнесі болмақ. Шемонаиха арқылы Омбы-Майқапшағай тас жолы өтеді. Дәл осы жол арқылы Қытай мен Ресейден жүк тасымалданады.
Ал ескі көпірдің әбден тозығы жеткен. 1962 жылы салынған көпір бірнеше рет жөнделгенімен заманауи талаптарға сай келмейді. Қазіргі уақытта мұнда 23 тоннадан аспайтын көліктер үшін біржақты кері қозғалыс тәртібі енгізілген.
Көпірдің құрылысы бізді транзиттік аймақ ретінде мүмкіндіктерімізді кеңейтеді. Ресеймен шекаралас жатқандықтан ең жақын транзит дәл біздің жермен өтеді, - Шемонаиха ауданының әкімі Дидар Кеңесбаев.
Әкім бұл жергілікті мердігерлер үшін де жақсы жаңалық екенін жеткізді. Құрылыс компаниялары тендерге қатысуға ниетті.