Өскемен
малооблачно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +30°
  • Актау
    +30°
  • Орал
    +30°
  • Қарағанды
    +23°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +25°
  • Қызылорда
    +33°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +27°
  • Туркестан
    +27°
  • Шымкент
    +30°
$
539.38
+2.80
629.46
+6.71
¥
75.14
+0.46
6.76
+0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шемонаиха ауданындағы екі ауылға таза ауыз су беріледі

Большая Речка және Березовка ауылдарында су құбыры желілері тартылып жатыр

Усть-Каменогорск и ВКО / Шемонаиха (Шемонаихинский р-он) / Шемонаиха ауданындағы екі ауылға таза ауыз су беріледі
Фото:
ШҚО әкімдігінен

ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, 2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында Шемонаиха ауданында инженерлік желілерді жаңғырту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Шемонаиха ауданының әкімі Дидар Кеңесбаев Большая Речка ауылындағы су құбыры желілерінің құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, мердігер ұйыммен жобаның орындалу мерзімдері мен сапасына қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету Мемлекет басшысы айқындаған басым бағыттардың бірі. Сондай-ақ, мұндай жобаларды іске асыру халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және елді мекендерді абаттандыруға оң әсер етеді, - дейді аудан әкімі.

Айта кеткен жөн, Шемонаиха қаласының 11 және 12-ші ықшам аудандарында су құбырларын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Барлық жұмыстар белгіленген өндірістік кестелерге сәйкес орындалып, аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында.

Следующая →