Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +24°
  • Ақтөбе
    +18°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +31°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +23°
  • Туркестан
    +17°
  • Шымкент
    +23°
$
515.03
584.82
¥
70.67
6.24
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да түрмеге медтексеріске барған дәрігерлерге негізсіз 1,4 млн теңге төленген

ШҚО прокуратурасы облыстағы бір колонияда дәрігерлерге негізсіз төлемдер жасалғанын анықтады

Усть-Каменогорск и ВКО / Шемонаиха (Шемонаихинский р-он) / ШҚО-да түрмеге медтексеріске барған дәрігерлерге негізсіз 1,4 млн теңге төленген
Фото:
Устинка LIVE

Дәрігерлер тексерілгендердің санын ондаған есе көбейтіп көрсетіп, артық ақша алған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО Бас прокуратурасының ақпаратына сүйеніп.

Шемонаиха ауданы прокуратурасының тексеруі барысында ШҚО ҚАЖД №18 мекемесіндегі сотталғандарға медициналық қызмет көрсетудің негізсіз көбейтілгені анықталды.

2023 жылғы желтоқсан айында хирург мекемеге жоспарлы сапары кезінде 15 сотталғанды тексерген, алайда есептік құжаттарда қабылдауда 160 адамның болғаны көрсетілген. Осы деректер негізінде дәрігерге 214 мың теңге мөлшерінде жалақы есептелген. Алайда бекітілген нормативтерге сәйкес, 15 науқасты қабылдағаны үшін төленетін сома 15 252 теңгені құрауы тиіс еді, - делінген хабарламада. - Дәл осындай жағдай дерматовенеролог, нарколог, невропатолог және психиатр дәрігерлерінің қабылдауларында да орын алған.

Нәтижесінде жалпы артық төленген сома 1,4 млн теңгені құрады.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде заңсыз төленген қаржы бюджетке қайтарылды, ал кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Следующая →