Шемонаиха ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілмек
Шемонаиха ауданына "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынған мектеп құрылысы аяқталды
Жаңа мектеп 300 орынға шақталған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жаңа оқу ордасы Путейская көшесі, 16/1 мекенжайында орналасқан. Оның жалпы ауданы 5513,5 шаршы метр. Жобалау және салу жұмыстары "Samruk-Kazyna Construction" АҚ басшылығымен жүргізілген. Бас мердігер міндетін "Фирма Азия" ЖШС атқарған, ал техникалық және авторлық қадағалауды "Восток Инжиниринг" ЖШС және "БК "OST-проект" ЖШС жүзеге асырды.
Білім ордасының техникалық ашылуы өтіп, құрылыс жұмыстарының барысымен облыс әкімі Ермек Көшербаев арнайы келіп танысты.
Мұнда сапалы білім алуға, ғылыми зерттеулер жүргізуге және шығармашылықпен айналысуға барлық жағдай жасалған. Сыныптар заманауи жабдықталған, интернетке қосылған, жақын арада біз өңірдің барлық білім беру мекемелерін цифрлық кітапханаларға қосамыз. Бұл шынымен де жайлы мектеп, онда оқу және жұмыс істеу оңай әрі жағымды болмақ. Ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін пандустар қарастырылған. Негізгі мәселе қауіпсіздік. Сондықтан мектеп ішінде 50 бейнебақылау камерасы орнатылып, пайдалануға берілген кезде барлық спорттық жабдықтар тексеріледі, - дейді облыс басшысы Ермек Көшербаев.
Мектеп директоры Назигүл Тотекинаның айтуынша, білім беру мекемесінде 1-11-ші сынып аралығындағы 335 оқушы, сондай-ақ мектепалды даярлық тобында 15 бала оқиды.