Қазақстанда Абай есімді 18 586 адам тұрады
Ғұлама есімі берілгендердің ең көбі Түркістан облысында тұрады
Түркістан облысында Абай есімді 2050 адам бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сүйеніп.
Одан кейін Астана – 2021 адам және Алматы қаласы -1639 адам. Ойшыл есімі берілген азаматтардың ең аз саны Ұлытау өңірінде – 193 адам.
Ақынның туған өлкесінде (Абай обл.) Абай есімді 232 адам тұрады.
Егер жас құрамы бойынша қарайтын болсақ, 18 жасқа дейінгі 4166 балаға Абай есімі берілген, 18 бен 44 жас аралығындағы осы есімді тағы 8 179 адам және 45 жастан асқан 6241 адам бар, – деп хабарлады ҚР Ұлттық статистика бюросы.