Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Семей тұрғыны 6-қабаттан секірмек болған

Ұлттық ұлан сарбаздары терезеде тұрған әйелді дер кезінде байқап, оқыс оқиғаның алдын алды

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Семей тұрғыны 6-қабаттан секірмек болған
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Секірмек болған азаматша ішімідікке мас болған көрінеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

3 сәуір күні сағат 21.00 шамасында Семей қаласындағы Дулатов көшесі бойында қоғамдық тәртіпті күзету барысында №5511 әскери бөлімінің патрульдік топ бастығы ефрейтор Маратжан Акрамов тұрғын үйдің 6-қабатының терезесінен секірмек болған әйелді байқап қалады, - деп хабарлады "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі. - Жедел ақпаратты әскери жасақ бойынша кезекшіге баяндай салысымен дереу 6-қабатқа көтерілген. Тәртіп сақшыларына есікті келіншектің азаматтық некедегі күйеуі ашқан.

Пәтерге кірген бойда ефрейтор Акрамов әйелдің ішімдікке масайғанын бірден аңғарады. Ұландықтар әйелді әңгімеге тартып, ішке қарай кіруге үгіттеп, терезеден түсіріп алған.

Кейін әйелдің өз-өзіне қол жұмсамақ болуына азаматтық некедегі күйеуімен болған жанжал итермелегені анықталды.

Следующая →