Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Абай облысында алғаш рет әжелер форумы өтті

Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған форум жұмысына облыстағы қала және аудандардан 500 жуық адам қатысты

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Абай облысында алғаш рет әжелер форумы өтті
Фото:
Абай обоысы әкімдігінен

Қазір Абай облысының ардагерлер кеңесі жанынан "Әжелер алқасы" құрылып, әдет-ғұрыптарды жандандыру, әже тәрбиесін жас ұрпаққа сіңіру, ана мен баланы қорғау бағытында жұмыстарды атқаруда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Абай облыстық әкімдігі ақпаратына сүйеніп.

Наурызнамадағы бүгінгі Шаңырақ күнінде өткен тағылымды форумды Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищенің студенттері "Абай жолы" романының театрландырылған қойылымымен ашты.

Ұлтымыздың ұлық қасиеттерін бойына сіңірген, асыл әжелеріміз ұрпақтар сабақтастығын жарасымды жалғастырып, отбасы құндылықтарын, салт-дәстүрді дәріптеуде.

Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында, өздеріңізбен "Аялы әже" форумында жүздескеніме қуаныштымын. Ата-баба аманатын адал сақтап, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты насихаттай білген асыл әженің қоғам үшін орны ерекше. Ұлы перзентті "Абайым" деп еркелеткен Зере әжені білмейтіндер кемде-кем. Сол себепті, сіздердің баталы сөздеріңіз бен құнды ақыл-кеңестеріңіз болашағымыз үшін аса қымбат. Ұлтжанды ұл мен қылықты қыз өсіруге қосқан үлестеріңізді әрқашан жоғары бағалаймыз. Сабақтастық жібін үзбей, қоғам игілігі жолындағы зор еңбектеріңіз үшін ерекше ризашылығымды білдіремін. Жаулықтарыңызды кір шалмай, ұрпақ алғысына бөлене беріңіздер, - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Шалқар Байбеков.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығының сақталуына сүбелі үлес қосқан әжелер облыс әкімінің Алғыс хатарымен марапатталды.

Следующая →