Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Ақшыңдағы" тауары өртенген кәсіпкерлерге мемлекет қолдау көрсетеді

Жергілікті басқа кәсіпкерлер де көмектесуі үшін арнайы қор құрылады

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / "Ақшыңдағы" тауары өртенген кәсіпкерлерге мемлекет қолдау көрсетеді
Фото:
Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев "Ақшың" сауда үйінің кәсіпкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Абай облысы әкімдігі ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта мемлекет тарапынан қажетті қолдау шаралары қарастырылып жатыр. Өрттен зардап шеккен кәсіпкерлердің құқығын қорғау, туындаған мәселені шешумен айналысатын "жұмыс және жедел-тергеу" тобы құрылды.

Мен сіздерге қолдау жасалатынын және бұл жағдайға байланысты жан-жақты ашық шешім қабылдауға кепілдік беремін. Мемлекеттік көмектің барлық тетіктері ұсынылатын болады. Аранайы қор құру жоспарған, өйткені жергілікті кәсіпкерлердің де көмектесуге ниеті бар. Біз жағдай реттелмейінше өз өніміңізді сататын 13 сауда орнын ұсынамыз, - деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Кездесу барысында мемлекеттік органдармен бірлесіп барлық мәселелерді қарастыратын кәсіпкерлерден бастамашыл топ құру ұсынылды.

Айта кетейік, Семей қаласындағы ірі "Ақшың" сауда орталығындағы өртке қатысты жағдай ҚР Үкіметінің және облыс әкімінің жеке бақылауында.

Следующая →