Семейде өрт шыққан базарға Ұлттық ұлан жауынгерлері жіберілді
Әскери бөлімінің жеке құрамы қоғамдық қауіпсіздік пен құқықбұзушылықтың алдын алуға атсалысуда
Тілсіз жаумен арпалысқан өрт сөндірушілермен қатар оқиға орнына жедел жеткен №5511 әскери бөлімінің жеке құрамы қоғамдық қауіпсіздік пен құқықбұзушылықтың алдын алуда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі ақпараты бойынша, әскери қызметшілер өртенген аумақты қоршауға алып, арнайы техникалардың өтуін қамтамасыз етуде.
Қызыл жалын құрсауындағы сауда нысанына "Шығыс" өңірлік қолбасшылығынан елуден астам әскери қызметші жіберілді. Жеке құрам алапат өрт салдарынан зардап шеккен сауда нүктелерін баса назарға алып, мородерлікке жол бермеу үшін өрт толықтай сөндірілгенше тиісті аумақты жіті бақылауда ұстайды, - дейді №5511 әскери бөлімінің штаб бастығы - командирдің орынсабары Алмазхан Әбішев.