Өскемен
облачно
+7°
  • Өскемен
    +7°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +4°
  • Қызылорда
    +12°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    +7°
  • Шымкент
    +12°
$
488.11
530.09
¥
68.52
5.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Түрмеге торт ішіне телефон тығып әкелген

Семейде №19 түзеу мекемесіне ұялы телефонды алып өтпек болған ер адам ұсталды

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Түрмеге торт ішіне телефон тығып әкелген
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Жазасын өтеушілердің бірінің танысы торт ішіне телефон, нан ішіне қуаттағыш құрылғы мен құлаққап жасырып, түрмеге кіргізбек болған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Алайда Ұлттық ұланның сәлем-сауқат бөлмесінің бақылаушы қызметкері мен түзеу мекемесінің мамандарының қырағылығы ер азаматтың жымысқы әрекетін әшкереледі.

imgonline-com-ua-Resize-E3Ita5LLyYM6ewe.jpg

Бір қарағанда кәдімгі нан бөлкесі. Алайда қолыма ұстап көргенде тағам салмағы біршама ауыр екендігін аңғардым, артынша тінту барысында тамақ ішінен тыйым салынған заттар табылды, - дейді кезекші бақылаушы қатардағы Әлихан Меллат.

imgonline-com-ua-Resize-UcQ0TsdQpreRHe.jpg

Түзеу мекемесінің сәлем-сауқат бөлмесінде ұсталған Семей қаласының тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Тыйым салынған зат әкелушіге қарсы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 481-бабының 1-бөлігі бойынша құжаттар жиналып, сотқа жолданды.

Еске салайық, бұл түзеу мекемесіне байланыс құралын өткізу әрекеті ағымдағы жылдың алғашқы фактісі болып тіркеліп отыр.

Следующая →