Абай облысында қатты жел жүк көлігін аударып жіберді
Абай облысындағы тас жолда қатты желдің салдарынан ауыр жүк көлігі аударылды
19 желтоқсан Омбы-Майқапшағай трассасының 913 шақырымында болған жол апатының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тараған, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Жүргізушіге полиция қызметкерлері Оразбаев пен Мұхамеджанов көмекке келді.
Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі - Ресей Федерациясының азаматы, ол жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермегенін, қатты желдің салдарынан көлік аударылғанын түсіндірді.
Полицейлер ауыр жүк көлігін жолға шығара алатын тиегішті алу үшін ЖШС-лердің біріне жүгінді. Кюветтен ауыр жүкті шығару операциясын толық сүйемелдей отырып, тәртіп сақшылары көлікті жақын маңдағы елді мекенге дейін жеткізді.
Шетелдік полицейлерге ризашылығын білдірді.