Абай облысында 77 млн қорап заңсыз темекі тәркіленді
Тәркіленген заттардың нарықтық құны 2,7 млрд теңгені құрайды
ҚР Қаржылық мониторинг агентігінің Абай облысындағы департаменті облыстық полиция және Шекара қызметі департаментімен бірлесіп, сатуға арналған сәйкестендіру құралдарынсыз түрлі маркалы темекіні жеткізудің ірі арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі ақпаратына сүйеніп.
Семей қаласының аумағында жүк автокөлік құралдары мен қоймаларды тексеру барысында 77,3 млн қорап контрафактілік темекі табылып, тәркіленді, олардың нарықтық құны 2,7 млрд теңгені құрайды.
МКД қорытындысына сәйкес бюджетке төленуге жататын акциздер сомасы 1,1 млрд теңгені құрайды.
Сонымен қатар, бұған дейін Абай облыстық полиция Департаментінің ҰҚҚК-мен бірлесіп, 1,1 млрд теңге сомасына контрафактілік темекі тасымалдаудың ұқсас фактісі тоқтатылды, ол бойынша акциздер сомасы 450 млн теңгені құрады, - делінген ақпаратта.
Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жария етілмейді.