Қытайдан тауар алдыртпақ болған Абай тұрғыны ақшасынан айырылды
Абай облысының тұрғыны Қытайдан тауар алдырамын деп алаяқтың құрбаны болды
Ол алаяқтың есепшотына 1 млн 500 мың теңгесін аударып жіберген, деп хабарлайды Устинка LIVE Polisia.kz ақпаратына сүйеніп.
Қыркүйек айының ортасында Семей қаласының ПБ орталық полиция бөліміне 35 жастағы ер адам келіп, осы жылдың 6 маусымында WhatsApp мессенджерін пайдаланып Қытайдан тауарға тапсырыс бергенін айтты. Алаяқ өзінің деректемелерін жіберіп, тауардың құнын алдын ала төлеуді талап еткен, - делінген ақпаратта.
Жәбірленуші алаяқтың айла-амалдарына күдіктенбей, сатушының талаптарын орындап, бірден 1 миллион 500 мың теңгеден астам қаражат аударды. Екінші аударымнан кейін тауарды жеткізуге уәде берген сатушы байланысқа шығуды тоқтатты. Ер адам алданғанын түсініп, полицияға жүгінген.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары Семей қаласының 35 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шыққан күдіктінің жеке басын анықтады. Жауап алу барысында күдікті ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндіріп, кінәсін мойындады.
Аталған факті ҚР ҚК-ның 190-бабы 1, 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция алаяқтың басқа қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр, – деді Абай облысы ПД бастығы Бектөре Сұлтан.