Зейнеткерді мазақ етіп, шошытқан семейлік жасөспірімдер анықталды
Бетперде киген бірнеше жасөспірім есікті сындырып, қарт әйелді мазақ етіп, оның тыныштығын бұзған
Абай облысының полицейлері зейнеткерді мазақ еткен жасөспірімдерді ұстады, деп хабарлайды Устинка LIVE Қазақстан Республикасы ІІМ ақпаратына сүйеніп.
Полиция қызметкерлері үш жасөспірім бұзақыны анықтады. Олар ҚР ӘҚБтК-ның 434-бабымен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген ақпаратта.
Жасөспірімдер мен олардың ата-аналары Семей қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында тыңдалады, әрі қарай оларды кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшеге есепке қояды.