Өскемен
ясно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +12°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +25°
  • Туркестан
    +4°
  • Шымкент
    +20°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Абай облысында “Qnet” ұйымдастырғандар 6 жылға сотталды

Облыста қаржылық пирамида құрып, компанияға 30 адамды тартқан екі азамат ұсталды

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Абай облысында “Qnet” ұйымдастырғандар 6 жылға сотталды
Фото:
Устинка LIVE

30 адам жалпы 25 млн теңге құйған, деп хабарлады Polisia.kz.

2018 жылы К. есімді азамат тәуелсіз өкіл сертификатын ала отырып, “Qnet” халықаралық компаниясының сайтына тіркелген. 2021 жылдың наурыз айының басында ол Алматы облысының аумағындағы желілік маркетинг саласында қалыптасқан жағдайды зерттей отырып, желілік маркетинг, халықтың экономикалық сауаттылығының төмендігін пайдаланып, заңсыз табыс табуды көздеп, пирамида құрады, - деп хабарлады тәртіп сақшылары.

Ол заңсыз іспен өзі ғана айналыспай, бұрынғы танысымен біріккен. Бірлескен қызметке қатысу шарттары - клубтық саяхат картасын сатып алу және “Qnet” компаниясының тәуелсіз өкілі ретінде тіркелу үшін 780 мың теңгеден 1,2 млн теңгеге дейінгі мөлшерде жарна жасау керек.

Қаржы пирамидасының кедергісіз және үздіксіз жұмыс істеуі үшін кеңсе ашқан. Қатысушыларға психологиялық әсер ету, кездесулер, дәрістер, семинарлар өткізіп, К. кеңседе мұқият құрылған жарнама компаниясын ұйымдастырды. Нәтижесінде қаржы пирамидасына 30 азаматы қосылған, олар жалпы сомасы 25 млн теңге қаражат салды, - делінген хабарламада.

Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған екеуі кінәлі деп танылып, ҚР ҚК-ның 217-бабы бойынша алты жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, жазасын қауіпсіздігі төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өтейді.

Следующая →