Абай облысындағы өртенген орман ағашын кесіп, тасып жатқаны рас па?
Абай облысының аумағында болған алапат өрттен кейін күйген ағаштарды кесу мәселесіне қатысты қоғам тарапынан алаңдаушылық туып отыр
Ел ішінде орман өртінен кейін ағаштар заңсыз кесіліп, тасымалданып жатыр деген ақпарат тарады, деп Устинка LIVE тілшісі.
Абай облысының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Өңір басшысы Нұрлан Ұранхаевтың тікелей тапсырмасымен Полиция департаменті маусым айының 15-інен, яғни өрт оқшауланған күннен бастап күшейтілген режимде жұмыс істеп келеді. Тәртіп сақшылары өртенген аймақтағы ағаштардың кесілуіне, тасымалдануына жол бермеу үшін алдын ала шараларды қатаңдатты, - деп мәлімдеді Абай облысы әкімдігі. - Облыс аумағаныдағы авто және теміржолдарда көліктер мен жүк вагондары жіті тексеріліп жатыр.
Сонымен қатар, өңірдегі Қоғамдық кеңес мүшелері арнайы комиссия құрады. Ол комиссия аталған мәселеге қоғамдық бақылауды қолға алады. Яғни, өрттен кейінгі санитарлық жұмыстар азаматтардың қатысуымен жүзеге асады.