Қаза болған орманшылардың отбасына пәтер кілттері табысталды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Абай облысында орман өрттері салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетіледі
Әр отбасы 7 млн теңге, сондай-ақ, қосымша әр балаға 2 млн теңге төленеді, деп хабарлайды Устинка LIVE Абай облысы әкімдігі ақпаратына сүйеніп.
Көмекке асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы, біржолғы әлеуметтік төлем, сондай-ақ жайластырылған тұрғын үй беру кіреді, - делінген ақпаратта. - Сонымен қатар, қайтыс болғандар мен олардың отбасыларының несисін жабу үшін талдау жасалады.
Бүгін өрт салдарынан қаза тапқан 14 адамның отбасына, сондай-ақ тракторшы Архиповтың отбасына Семей қаласы Қарағайлы шағын ауданындағы жаңа үйден пәтер кілттері табысталды. Абай облысының әкімі қайтыс болған Саят Нұржігітов пен Амангелді Дүйсембаевтың отбасыларына 2 және 3 бөлмелі пәтерлердің кілттерін тапсырды.
Өртте зардап шеккендердің отбасыларын қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар біздің тұрақты бақылауымызда. Бүгін біз тапсыратын жаңа пәтерлер барлық қажетті жиһаздармен және тұрмыстық техникамен толық жабдықталған. Біз қосымша көмек көрсетуді жалғастырамыз, - деп атап өтті облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.