Эвакуацияланған ауылдардың тұрғындары үйлеріне қайтып жатыр
Семей қаласының Бұлақ ауылының эвакуацияланған тұрғындары үйлеріне қайтарылды
Сондай-ақ, эвакуацияланған Талица мен Половинка ауылының тұрғындары бүгін үйлеріне оралады, деп хабарлайды Устинка LIVE Абай облысы әкімдігі ақпаратына сүйеніп.
Өрттің таралу қаупіне байланысты ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген болатын. Қазір жағдай тұрақталды, биліктің толық бақылауында. Тұрғындарды үйлеріне қайтару туралы шешім қабылданды, - делінген ақпаратта.
Бұлақ ауылынан барлығы 117 адам, оның ішінде 50 бала эвакуацияланған.
Каштак ауылындағы полиция бекеті алынды.