Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Семейдің атауын Алаш деп өзгертуді ұсынды

Семей қаласының атауын өзгерту үшін петицияға қол жинап жатыр

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Семейдің атауын Алаш деп өзгертуді ұсынды
Фото:
ашық дереккөзден

Бұл мәселе әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатыр, деп хабарлайды abainews.kz.

Бастамашылардың бұл пікірімен келіспейтіндермен қатар қолдайтындар да бар. Бастамашылар атауды өзгерту үшін тарихи деректерді алға тартып отыр.

"Семей" деген сөз "Семипалатинск" сөзінің қазақша қысқартылған түрі. Ал Семипалатинск "Семь палат" сөзінен шыққан. Яғни, Жеті шатыр, бұрын қалмақтардың жеті буддалық ғибадатханалары болған. Кейін қазақ-жоңғар соғысында қазақтар бұл жерді қайтарып алды, - дейді олар.

Алайда Абай облысының қоғамдық даму басқармасы қаланың атын өзгерту жоспарларында жоқ екенін мәлімдеді.

Семей барлық уақытта, тіпті "Алаш" қозғалысы кезінде де Семей болған. Біздің алдымызда қандай да бір атауды өзгерту туралы мәселе де, жоспарлар да жоқ, - деді басқарма өкілдері.

Тұрғындардың арасында қала атауын өзгерту көп қаржыны талап ететінін, оның орнына шаһарда зауыттар салып, жаңа жұмыс орындарын ашқан жөн деп жазды.

Следующая →