Өскемен
ясно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +18°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +20°
$
441.79
-0.01
478.77
-1.25
¥
61.02
-0.04
4.9
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығыс өңірінде командирлер арасында оқу-жаттығу жиыны өтті

Абай облысы мен Павлодар, Өскемен, Курчатов қалаларындағы командирлер шеберліктерін шыңдады

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Шығыс өңірінде командирлер арасында оқу-жаттығу жиыны өтті
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметін

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы Семей қаласында әскерилер арасында оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырды, деп хабарлайды Устинка LIVE "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйеніп

Семей қаласының іргесіндегі полигон аумағында Абай облысы мен Павлодар, Өскемен, Курчатов қалаларында орналасқан әскери бөлім командирлері мен орынбасарлары үш күн бойы тәжірибе алмасып, кәсіби біліктіліктерін арттырып, шеберліктерін шыңдады.

Оқу жиынының барысында бөлім командирлері мен олардың орынбасарлары бронь тронспортер 80 техникасын (БTР 80) жүргізу, суда жузу, ары қарай әртүрлі модификациядағы қару-жарақтан оқ ату сабақтары жүргізілуде, - дейді 5511 әскери бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары майор Аброр Абдуллаев.

imgonline-com-ua-Resize-jTmlaYVGbG43kVFa.jpg

Күшейтілген қару-жарақпен жабдықталған БТР-80-нің соңғы жаңартылған түрі - жаяу әскердің доңғалақты жауынгерлік техникасы, жол талғамайды, ойлы-қырлы жерлермен де, суда да жүре береді. Оны Кеңес әскерлері Ауған соғысында қолданған. Кейін 90-шы жылдардан бастап Ресей Қарулы күштерінің және басқа да бірқатар бұрынғы кеңестік республикалардың барлық ірі қарулы қақтығыстарында қолданылған. Оны басқару да екінің бірінің қолынан келе бермейді.

Қазіргі уақытта БTР 80-мен судан жүзіп өту практикасы жүргізілуде. Оған техниканы мұқият дайындайды. Яғни, алдымен барлық люктердің жабылғанын тексереді. Тексеру жұмыстары шамамен жарты сағат немесе бір сағат жүргізіледі, - дейді 5518 әскери бөлімінің аға механик жүргізушісі сержант Руслан Бекенов.

Оқу-жаттығу жиынын өткізу барысында әскери қызметкерлерге барлық жағдай жасалған. Тіпті, оқу-жаттығудан кейін уақыт өткізу үшін арнайы демалатын орындармен жабдықталған техникалар да бар.

Оқу методикалық жиын өткізу маңызды. Осы жерде білімізді толықтырдық, көп дүниені үйрендік. Күнделікті қызметте кей маңызды нәрселерге көңіл бөлмей жатамыз, осындай оқу-жаттығулар барысында соның барлығына мән беріп, үйренеміз, - дейді 5518 әскери бөлімінің командирі подполковник Медет Ертайлақов.


Следующая →