Өскемен
облачно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +13°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +23°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +24°
$
440.92
+1.52
475.36
+1.82
¥
60.95
+0.13
4.82
+0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Семейде зейнеткер жеңгетайлықпен айналысқан

Ол қаладағы сауналардың бірінде интимдік қызмет көрсететін притон ұйымдастырған

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Семейде зейнеткер жеңгетайлықпен айналысқан
Фото:
depositphotos.com

Семей қаласының пробация қызметі 62 жастағы әйел есепке алды, деп хабарлайды Устинка LIVE Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ақпаратына сүйеніп.

Бұл саунаны клиенттердің бірі әшкерелеген. Өзіне қажетті қызметті алып, ақысын төлегеннен кейін бірден 102-ге хабарлаған.

Зейнет жасына жеткен келіншек бұл саунада әкімгер болып жұмыс істеген.

Саунаға келген К. есімді ер адам интимдік қызметке қызығушылық танытқан. Әкімгер сағаты 15 мың теңгеге кездесу ұйымдастырған. Ал сауна әкімшілігі бұл қызметті көрсеткен "жұмысшының" өзіне 3 мың теңге төлеген, - делінген хабарламада.

Қызметті алып, ақысын төлеген клиент “102” арнасына қоңырау шалып, болған оқиға туралы тәртіп сақшыларына хабарлаған.

Бұл ісі үшін әкімгер ҚР ҚК-ның 309-бабының 1-бөліміне сәйкес (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондарды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) сот үкімімен екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ҚР ҚК-ның 63-бабының негізінде жазасы пробациялық бақылау негізінде шартты жазаға ауыстырылды.

Есепке қойылғаннан кейін азаматша ықтимал салдармен таныстырылды. Пробациялық бақылаудан жалтарған жағдайда, жазаны өтеу шарттары мен тәртібі және сот үкім бойынша тағайындаған міндеттерді орындамаған жағдайда, шартты жаза түрі жойылып, түзеу мекемесіне жіберіледі, – деп атап өтті Абай облысы бойынша ҚАЖ департаменті Семей қаласының Затон аудандық пробация қызметі бастығының орынбасары Ерлан Кадырманов.

Следующая →