Өскемен
пасмурно
-8°
  • Өскемен
    -8°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -16°
  • Ақтөбе
    -17°
  • Актау
    +1°
  • Орал
    -5°
  • Қарағанды
    -21°
  • Көкшетау
    -16°
  • Қостанай
    -15°
  • Қызылорда
    -8°
  • Павлодар
    -19°
  • Петропавловск
    -16°
  • Тараз
    -10°
  • Туркестан
    -13°
  • Шымкент
    -10°
$
514.65
544.6
¥
70.84
5.17
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Семей орманы" табиғи резерватының басшылары жемқорлық үшін сотталды

Резерваттың үш басшысы кәсіпкерлерден жүйелі түрде 700 мың теңгеден алып отырған

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / "Семей орманы" табиғи резерватының басшылары жемқорлық үшін сотталды
Фото:
depositphotos.com

Сот пара алушыларды да, пара берушілерді де жауапқа тартты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 29 мамырында Абай облысы бойынша Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" РММ басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты үкім жариялады, - делінген хабарламада.

Мемлекеттік мекеменің үш басшысы кәсіпкерлерден жүйелі негізде 700 мыңнан 13 млн теңгеге дейін пара алды деп айыпталуда. Кәсіпкерлер заңсыз сыйақыны лауазымды тұлғаларға резерват аумағында санитарлық тазалау мен ағаш кесуге рұқсат бергені, мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттарға кедергісіз қол қойғаны, сондай-ақ жалпы қамқорлығы үшін беріп отырған.

Резерваттың үш басшысы 10 жылға сотталды, ал пара бергені үшін бес адам кінәлі деп танылып, бір жарым жылдан үш жарым жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды, - делінген сот шешімінде.

Барлық сотталған адамдар өмiр бойы мемлекеттiк қызметте, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттiк секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Следующая →