Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Семейде үшінші жылу электр орталығы салына ма?

Бұған Абай облысына жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-Министрі жауап берді

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Семейде  үшінші жылу электр орталығы салына ма?
Фото:
primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Семей қаласындағы "Ғаббасов" қазандығын реконструкциялау барысымен танысты, деп хабарлайды Устинка LIVE Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"Ғаббасов" қазандығы Семейдің орталығында орналасқан. Қысқы маусымда 66 көпқабатты және 138 жеке тұрғын үйді, 39 бюджеттік мекемені, 10 әлеуметтік және 140 коммерциялық нысанды жылумен қамтамасыз етеді. Қазір мұнда қайта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, жаңа жылыту кезеңі басталғанға дейін аяқтау жоспарланған.

Премьер-Министр қаланы жылумен қамту мәселелерін шешу үшін Өңірді дамытудың кешенді жоспарына жылу көздерін реконструкциялау бойынша 11 жоба енгізілгенін айтты. Атап айтқанда, "Ғаббасов" және "Орталық" қазандықтарын реконструкциялау жылу режимін жақсартуға, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігін, қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға және жылу шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Семей қарқынды дамып келеді. Халық саны артып, жаңа объектілер мен тұрғын үйлер салынып жатыр. Нәтижесінде, қаладағы жылыту көздеріне түсетін жүктеме жылдан жылға арта түседі. Биыл "Ғаббасов" және "Орталық" қазандықтарын қалпына келтіруге бюджеттен 1 млрд теңге, жылу желілеріне 3,5 млрд теңге бөлінді. Әкімдік келесі жылыту маусымы басталғанға дейін барлық жұмыстың сапалы жүргізілуін қамтамасыз етуі керек, - деді Әлихан Смайылов.

Ол бүгінде ЖЭО-3 салу мәселесі пысықталып жатқанын айтып, жобаны әрі қарай қаржыландыру үшін осы жылы техникалық-экономикалық негіздемені аяқтау маңызды екенін атап өтті.


Следующая →