Семейдегі интернаттың асханасында оқушы көз жұмды
Ол тамақ ішіп отырған жерінде тұншығып қалған
Қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Устинка LIVE POLISIA.KZ-ке сілтеме жасап.
Полиция ақпаратына сүйенсек, 7 сәуір күні мектеп-интернатта 15 жастағы жасөспірім тамақтану кезінде тұншығып қалған. Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін бала қайтыс болды.
Осы факті бойынша Әуезов полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оның шеңберінде тиісті сот сараптамалары тағайындалды, істің мән-жайларын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, - делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды.