Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Семейде үшінші ЖЭО салу бойынша алғашқы жұмыстар басталды

Семейде үшінші ЖЭО салу үшін техникалық-экономикалық негіздемені дайындау басталды

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Семейде үшінші ЖЭО салу бойынша алғашқы жұмыстар басталды
Фото:
depositphotos.com

Бұл туралы Қазақстанның мемлекеттік көпсалалы энергетикалық холдингі "Самұрық-Энерго" АҚ мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Абай облысы әкімдігінің алдын ала деректеріне сәйкес, қаланың орталық жылу электр жүйесі 320 МВт электр қуатын және сағатына 1,2 мың Гкал жылу өндіруі тиіс. Дегенмен, қорытынды сипаттамалар ТЭН әзірлеу барысында анықталады.

Облыс орталығы мәртебесін алған Семей қаласында инфрақұрылым мәселесі өте өзекті. Жаңа ЖЭО салу өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында жүзеге аспақ. Қолданыстағы жылу орталықтарының әлеуеті қаланың оң жағалауын толық жылумен қамтамасыз етуге жетпейді. Облыс орталығының жаңа мәртебесінде қаланы дамыту мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жаңа жылу көзінің құрылысын бастау қажет, - делінген "Самұрық-Энерго" АҚ мәлімдемесінде.

Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздемені дайындаушы ұйым анықталған.

2023 жылы 17 ақпанда 2022 жылғы желтоқсанда жарияланған конкурстың нәтижелері бойынша алты өнім берушінің ішінен "Стройиндустрия" ЖШС жеңімпаз ретінде анықталды, - деді басқарма өкілдері.

Естеріңізге салсақ, өткен жылдың қыркүйек айында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына сапары аясында Семей қаласында заманауи жылу электр орталығын салу және инфрақұрылымды жаңарту мәселесін қарастыруды тапсырған болатын.

Ал облыс орталығында жаңа ЖЭО салу және қолданысқа беру мәселесі алдағы уақытта белгілі болмақ.

Следующая →