Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддер мен Семей – өмір сүру сапасы нашар қалалардың бірі

Экономикалық зерттеулер институтының 2022 жылы құрастырған қалалар рейтингісінде Семей қаласы ең соңғы орында тұр

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Риддер мен Семей – өмір сүру сапасы нашар қалалардың бірі
Фото:
ашық дереккөзден

Институт Қазақстандағы 25 қаланы үш фактор: экономика мен бизнес, адам ресурсы және инфрақұрылым бойынша бағалаған, деп хабарлайды Устинка LIVE Азаттық Радиосына сілтеме жасап.

Әрбір фактор 14 категория бойынша қарастырылған. Арасында өмір сүру жайлылығы, еңбек нарығы, халық денсаулығы, материалдық жағдайы және өзге категориялар бар. Кейбір көрсеткіштер статистикалық мәліметке сүйеніп жасалса, кейбірі онлайн-сауалнамаға негізделіп жасалды.

Рейтингте бірінші орында Астана қаласы тұр. Ол 10 балдың 5,89-ын алған. Ең төменгі балл Семей қаласына( 3,89) берілген. Семейдің алдында Сәтбаев, Жезқазған, Тараз, Риддер қалалары тұр. Сауалнама нәтижесіне сүйенген рейтинг құрастырушыларының айтуынша, Семейде коммуналды қызмет сапасы төмен, жолдардың жағдайы нашар және қала тазалығы мәселесі шешілмеген.

Институт мамандарының айтуынша, зерттелген қалалардың 70 пайызының өмір сүру сапасы орташа деңгейден төмен.

2022 жылғы мәлімет бойынша, Семейде 350 967 адам тұрады. Бұл 1991 жылғы көрсеткішке ұқсас. Демографиялық құлдыраудың себебін мамандар қаланың облыс орталығы мәртебесінен айырылуы және халықтың қаладан өзге аймақтарға кетуімен байланыстырады.

Следующая →