Курчатовтағы жүкті әйелдер Семейге сабылмайтын болады
Қазір Курчатов қаласындағы ауруханасы тек шұғыл босанатын келіншектерді қабылдайды
Ал басқалары Семей қаласына сабылуға мәжбүр, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Қала әкімі атап өткендей, 2024 жылы жүкті әйелдер Курчатовтан Семейге бармайды. Қазіргі уақытта Курчатов қалалық ауруханасы тек шұғыл босану жағдайларын және ұрықтың дамуында паталогиясы жоқ әйелдерді ғана қабылдай алады. Қалған жағдайда жүкті әйелдер Семей қаласына баруға мәжбүр.
Курчатов қаласының ауруханасы бірінші деңгейде. Бөлім екі кереуетпен жабдықталған. Аурухананың төртінші қабатына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті құрал-жабдықтар алынғаннан кейін бұл мәселе 2024 жылы шешімін таппақ. Аурухананы екінші деңгейге көшіруді жоспарлап отырмыз. Сонда жүкті әйелдердің басым бөлігі Курчатовта босанатын болады, – деді қала әкімі Олег Чугунков.