Семейде қарақшылық шабуыл жасағандар қолға түсті
Семей қаласында екі жігіт дүкен қызметкерін соққыға жығып, тонап кеткен
Қазір қарақшылық жасағандар тәртіп сақшыларының қолына түсті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қаңтар айының соңында “102” арнасына қарақшылық шабуыл туралы хабарлама келіп түскен. Арызданушы - Семейдегі ет дүкендерінің бірінде жұмыс істейтін 49 жастағы қала тұрғыны.
Жәбірленушінің айтуынша, оған екі жас бала шабуыл жасап, ұрып-соғып, қалтасындағы ақшасын алып алған. Келтірілген залал сомасы 20 мың теңгені құрайды, – деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыстық ПД-ның криминалдық полиция қызметкерлері ізін суытпай қарақшылық шабуыл жасауы мүмкін екі күдіктіні ұстаған. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Қарақшылық фактісі бойынша ҚР ҚК-ның 192-бабының 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.