Семейде туризмді дамыту мақсатында 5 жұлдызды қонақүй салынбақ
24 миллиард теңгеге салынатын қонақүйден өзге тағы екі ірі сауда-ойын-сауық орталығы жоспарланған
Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев өз баяндамасында айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Абай облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
Бұл алдағы бес жылға жоспарланған нысандар.
Туризм саласында 41 млрд теңгеге 6 іс-шараны жүзеге асыру жоспарлануда, оның ішінде Семей қаласында жалпы құны 3,7 млрд теңгеге екі сауда және ойын-сауық орталығының, сондай-ақ 24 миллиард теңгені құрайтын қонақ үй кешенінің құрылысын салу жоспарланған, - делінген хабарламада.
Семей қаласының тұрғындары мен туристерінің сауда-ойын-сауық орталығы мен қонақүйлерге ыңғайлы қатынауы үшін, жолдарды 82 пайыздан 98 пайызға дейін жақсарту, сондай-ақ ескі және аспалы жаңа көпірлерді реконструкциялау көзделіп отыр.
Еске салайық, 2027 жылға дейінгі КЖ жалпы бюджеті шамамен 1,9 трлн теңгені құрайды, оның басым бөлігі жеке инвестициялар.