Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Семейде әуе қатынасы үшін мемлекеттен субсидия бөлінбек

Семей қаласынан Ақтау, Атырау, Шымкент, Үржар және Павлодар бағыттары бойынша авиарейстерді субсидиялау жоспарлануда

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Семейде әуе қатынасы үшін мемлекеттен субсидия бөлінбек

Бұл ақпаратты Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров растап отырғанын жазды ҚазАқпарат, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Сондай-ақ, көлік саласы мен логистиканы дамыту аясында өңірде 11 көпір, "Аягөз-Бақты-Қытай шекарасы" учаскесінде теміржол салу және қайта жөндеу жүргізіледі.

Сонымен қатар Үржар ауылында транзиттік-көлік объектісі және әуежай терминалын салу жоспарланып отыр. Сол сияқты жалпы ұзындығы 1465 шақырым болатын жергілікті жолдар күрделі және орташа жөндеуден өтеді, - деді Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында.

Одан әрі министр Абай облысында денсаулық сақтау, білім және мәдениет, спорт саласын дамытуға қатысты жоспарын бөлісті.

Облыста көпбейінді және балалар ауруханасын, қан орталығы және 2 емхана салу көзделген. Оқушы орындарының тапшылығын шешу үшін 6 шағын жинақты мектеп салынады. Сондай-ақ, 9 балабақша мен 3 балалар лагерін салу жоспарланып отыр. Мәдениет және спорт бойынша ауылдық елді мекендерде мәдениет нысаны, жүзу бассейні және 5 спорт модулі салынып, жөнделеді. Семей қаласында мұз сарайының құрылысы басталады және 80 адамға арналған қонақ үйі бар спорт кешенін салу жоспарда бар, - дейді ол.

Сондай-ақ, ведомство басшысы 7 медициналық-әлеуметтік мекеме салынатынын айтты.

Айта кетсек, бүгін Үкіметте Абай облысының 2023-2027 жылдарға арналған кешенді даму жоспары таныстырылды.

Следующая →