Семей қаласының әкімі аязды күндер алдында қазандықтарды тексерді
Ертеңнен бастап елімізде күн суыта бастайды, шығыста ауа райы түнде -43°C дейін аяз болуы мүмкін
Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов "ЖЭО-1", "Ғаббасов", "35 квартал", "Орталық", "Зоветинститут" жылу қазандықтарының жұмысын тексерді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Семей қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
Ертеңнен бастап синоптиктердің болжамынша толығымен аязды күндер күтілуде. Сынап бағаны күндіз 27 градустан төмен түсуі ықтимал.
Осыған байланысты өңір әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасына сәйкес, қала бойынша жылу беру жүйесінің жұмысына жауапты барлық коммуналдық ұйымдар күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді, тәулік бойы кезекшілік нығайтылды. Қазір барлық тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарда жылу штаттық режимде беріліп тұр.
Сіздер әлеуметтік нысандармен қатар, тұрғын үйді басқарушы компаниямен (КСК, ОСИ, кондоминиум) бірге қадағалап, тексеріп отырғандарыңыз абзал. Қазіргі таңда жылу беру - басты мәселе. ЖЭО-1 нысанындағыдай олқылықтар болмасын, - деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.