Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Абай облысында үш өндіріс орны ашылмақ

Абай облысы болып бөлінгені өңірде 800 жұмыс орны ашылған

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Абай облысында үш өндіріс орны ашылмақ

Енді Семей қаласы мен Жарма аудандарында да жаңа нысандар ашылып, өңір экономикасына үлес қоспақ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі lsm.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай облысы әкімдігі мәлімдегендей, Семейде алдағы уақытта ет өңдеу комбинаты іске қосылмақ. Онда жылына 30 тонна консерві шығару жоспарланған.

Сондай-ақ, Жар ауданында қазіргі уақытта цемент зауытын іске қосу және реттеу жұмыстары жүргізілуде. Өндіріс қуаты 1,2 млн тонна цементті құрайды. Айта кетейік, бұл кәсіпорынды қСингапур компаниясы қалпына келтіріп, жаңғыртып жатыр.

Ал желтоқсан айының соңына қарай Беркарин кен орны базасындағы қуаттылығы жылына 4 мың тонна болатын катодты мыс өңдеу зауытының бірінші іске қосу кешені жұмысын бастауы мүмкін.

Көмір өңдеу қуатын тәулігіне 7,5 текше метрден 16 текше метрге дейін ұлғайтып, сол арқылы алтын шығаруды 4%-ға арттыруға мүмкіндік беретін «Көмір десорбциялау цехінің құрылысы» жобасын бастау жоспарлануда, - делінген әкімдік ақпаратында.

Жалпы әкімдік ақпаратына сүйенсек, Абай облысы жеке облыс болып құрылғалы мұнда жалпы сомасы 71,9 млрд теңгені құрайтын алты жоба іске асырылған. 800 жұмыс орны құрылды. Мәселен, қараша айында Аягөз ауданында жалпы қуаттылығы 10 МВт жел электр станциясы пайдалануға берілді.



Следующая →