Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Семейде мәңгілік алауды мазақ еткендерге айыппұл салынады

Кеше әлеуметтік желіде Семей қаласында мәңгілік алауды мазақ етіп, аяқпен басып, балағат сөз айтып жүргендердің видеосы тараған болатын

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Семейде мәңгілік алауды мазақ еткендерге айыппұл салынады

Абай облысы ПД бұзақылардың кім екені анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

26 желтоқсанда Абай облысы ПД-да бұл дерек орталық полиция басқармасының тіркеу кітабына енгізілді, - деп хабарлады Абай облыстық ПД баспасөз қызметі. - Кінәлілер анықталды, олар 14-15 жас аралығындағы 3 жасөспірім болып шықты. Ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 435-бабы "Бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Бұл құқықбұзушылық процессуалдық шешім қабылдау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберіледі.

Осы баптың санкциясы 7 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір жыл бұрын қыркүйек айында да Семейде осындай жағдай болған. Ол кезде 7-8 жасар балалар Мәңгілік алаудың негізі болған жұлдызды аяққа таптап, алауға жылынып, ескерткіш басында қатты күліп сөйлеген. Рухани астанамыздың тұрғындары ол кезде де балалардың шалалығына, олардың алған тәрбиесіне қынжылыс танытқан. Өйткені бұл – тарих. Ал тарихын білмеген, оны қадірлеп-құрметтемеген бүгінгі ұрпақтың ертеңі бұлыңғыр емес пе?!


Следующая →