Абай облысында сот ғимараты ашылды
Абай жеке облыс болып бөлінген соң облыстық соты құрылды
Сот ғимаратының ашылу салтанатына Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев және ҚР Сот әкімшілігінің басшысы қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Абай облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
Облыс басшысы атап өткендей, облыстық сотта өз ғимаратының пайда болуы – адалдық пен әділдік салтанатының көрсеткіші.
25 жыл, шындықты шалғайдан іздеп, алысқа баруға мәжбүр болған, халқымыз үшін, облыстық соттың жеке шаңырақ көтеруі – адалдық пен әділдіктің қол жетімді болуының көрінісі деп есептеймін. Әрине, келешекте, облыстық сот жаңа, заманауи ғимаратқа көшеді. Бұл – жоспарда бар дүние. Бірақ, біздің пайымда, сот қызметі әрқашан өз жайынан гөрі, халықтың жайын жоғары қойған. Осынау ғимаратта, азаматтардың арыз-шағымдары мен даулары салиқалы түрде шешіледі деп сенемін, - деп атап өтті Нұрлан Уранхаев.