“Абай жастары” тұрғын үй бағдарламасына құжат қабылдау басталды
Өтініштер бүгіннен бастап 12 қаңтарға дейін, яғни, 14 күн ішінде қабылданады
Бұл жаңа облыс құрылғалы енгізілген жастарға арналған алғашқы тиімді бағдарлама, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өтініштер Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімінде (Шмидт, 9/1 көшесі, 1-қабат мекенжайында) қабылданады, - деп хабарлады Семей қаласы әкімдігі. - Құжаттарды қабылдау 22.12.2022 жылдан басталып 2023 жылғы 12 қаңтарды қоса алғанда 14 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Қабылдау уақыты 9.00-ден 12.00-ге дейін жалғасады. Барлық тілек білдірушілердің өтініштерін қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттары тексеріледі, бұл үшін 15 күнтізбелік күнге дейінгі мерзім беріледі.
Өтініші өткен жағдайда қатысушыға хабарланады. Ал егер қатысушы белгіленген уақытта келмеген жағдайда, ЖАО бағдарламаға қатысуға кезекте тұрған келесі өтініш берушіге беруге құқылы.
Тексеруден сәтті өткен жағдайда өтініш беруші сатып алуға лайықты баспана табуы керек. Ол үшін оған 30 күнтізбелік күнге дейінгі уақыт беріледі. Содан кейін 15 күн ішінде өтініш беруші келісімшарт жасауға міндетті.