Семейдегі жылу желілерінің 68%-ы тозған
Семей қаласында қыс басталғалы жылу желілерінде 150 шақты ақау шыққан
"Теплокоммунэнерго" МКК жылыту маусымы басталғалы жылу желілерінде 147, жылу көздерінде 31 технологиялық ақаулар тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Абай облысы әкімдігі ақпаратына сүйеніп.
Бүгінгі таңда барлық жылу көздері температуралық режимге сәйкес жұмыс істеп тұр. Абоненттер жылуды үздіксіз алуда, авариялық және төтенше жағдайларға жедел жою үшін қажетті материалдық-техникалық ресурстардың жеткілікті қоры бар, - деді "Теплокоммунэнерго" МКК директоры Серік Туленбергенов.
Жылумен қамтамасыз ету үшін күнделікті бақылау жүргізілуде. Бақылау нәтижелерінде келесі мәселелер анықталды:
- 2-3 желтоқсанда Ғаббасов қазандығы-3 ШЗУ жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі;
- ВИРП (9 желтоқсан) - жылу жүйесінің кварталішілік құбырының жарылуы;
- 10 желтоқсанда 5-интернат қазандығы ШЗУ жүйесіне жөндеу жүргізілді.
Сонымен қатар, "Теплокоммунэнерго" МКК тарапынан жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша бірнеше тұрғын үйлердегі жылыту маусымына дайындық паспорттарының жоқтығы анықталды.
Сондай-ақ, көптеген үйлерде басқару органы да жоқ (МИБ, ПИК). Осы ретте, "Теплокоммунэнерго" МКК жылу желілері мен тұтынушы желілері арасында жылу энергиясын беретін энергиямен жабдықтаушы ұйым екенін еске салды.
Ұйым көппәтерлі тұрғын үйлерде тұтынушының қарамағындағы жылумен жабдықтау жүйелерінің техникалық жай-күйі мен қолданысына жауапкершілік алмайды.
"Теплокоммунэнерго" МКК директоры Серік Туленбергенов атап өткендей, қала бойынша желілердің тозуы орта есеппен 68%-ды құрайды.
Бұл ретте бұдан да қатты тозған магистральдық желілер бар екендігін атап өткен жөн. Мысылы, "Орталық" қазандығының жұмысында ақау орын алған еді. Біз сол жағдайда ең алдымен жылу көзін тоқтатып, импульсті іздеп, ақауды жойып, жылу көзін қайтадан іске қосуымыз қажет еді. Бұл жұмыстардың жүргізілуі уақытты алды. Бірақ біз ешқандай жылу көзін толығымен тоқтатпадық және ең маңыздысы оны сақтаудың жолдарын таптық. Бүгінгі таңда бізде мұндай жағдайлар болған жоқ, - деп атап өтті Туленбергенов.
Сонымен қатар, Серік Туленбергенов жылу көздерінің температуралық кесте ұғымына сәйкес жұмыс істейтіндігін атап өтті.
Кесте ұғымына сәйкес сыртқы ауа температурасы ескеріледі. Мысалы, ЖЭО-1 кестесіне сәйкес - 73 градус, ал іс жүзінде – 84. РК-1 68 және 86 градус. Қысымға келетін болсақ, қажетті көлем де беріледі. Ғаббасов қазандығы бойынша соңғы үйлерге жылу жеткізу мақсатында жылу көзінен көбірек су жіберу үшін екінші желілік топ іске қосылды. Біз әрбір жылу көзінде максималды жылу мен қысым беруге тырыстық. Қалаларда орын алған жылыту мәселелерін ескере отырып, барлық жағдайға дайынбыз. Бірақ жылу көздеріндегі температураны төмендетпедік, температуралық кестеге сәйкес бекітілген жылуды берудеміз, - деп атап өтті Туленбергенов.
17,5 шақырымдық әуе жылыту желісінің 10,5 шақырымында жылу оқшаулау нашар жағдайда. Қазір байқаудың қорытындысы шығарылуда, қалалық бюджеттен 126 млн теңге бөлінді. Алдағы күндері әуе желісінің жылу оқшаулауын жөндеу жұмыстары басталады.
Сондай-ақ, бүгін 103-ші қазандықтың құбырында жарылыс болды. Апат Засядко көшесі, 38-55 мекенжайында болды, аталмыш құбырға 150 абонент қосылған. Ақау қысқа мерзімде жойылды.
Біздің міндетіміз жылыту маусымын үзіліссіз өткізу. Сонымен қатар, қазір келесі жылыту маусымына дайындық жүргізілуде: желілердің қатты тозуын ескере отырып, жөндеуді қажет учаскелер анықталуда, - деп түсіндірді "Теплокоммунэнерго" басшысы.