Абай облысының жастарына үй алуға арналған бағдарлама әзірленуде
Желтоқсан айында "Абай жастары" бағдарламасы іске қосылады
Бағдарламаны Семей қаласы әкімдігі "Отбасы банк"АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырмақ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бағдарламаға 18-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Оның құрамына түрлі салада еңбек етіп жүрген жас мамандар мен жас отбасылар кіреді, - деп мәлімдеді Абай облысы әкімдігі. - Қазіргі уақытта халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік бағдарламаның ережесі әзірленді.
Қатысу шарттары 1 желтоқсанда Семей қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады.