Семей қаласында 30 мыңға жуық адам жер кезегінде тұр
Семей қаласында жер учаскесін алу үшін кезекте 28 991 адам тұр
Бұл туралы Абай облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Анзор Абаев айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты.
Бекітілген Бас жоспарға сәйкес Семей бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жалпы ауданы 4 574,2 га болатын 12 тұрғын үй алабы қарастырылған, олардың құрылысына инженерлік желілермен және құралдармен қамтамасыз етілуіне қарай тұрғын үй алаптары 3 кезеңге бөлінген, - деді Анзор Абаев.
I кезең - ИКҚ-мен қамтамасыз етілген құрылыс аймақтары (2 тұрғын массиві - «Ұшақтар», «Комсомол»);
II кезең - ИКҚ қамтамасыз ету үшін ең аз қаражат салуды талап ететін құрылыс аймақтары («Ақсай» тұрғын массиві);
III кезең - ИКҚ қамтамасыз ету үшін үлкен күрделі салымдарды талап ететін құрылыс аймақтары (9 тұрғын массиві).