Өскемен
малооблачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстандағы жалғыз өрт бақылау мұнарасы Семейде сақталған

1927 жылы тұрғызылған бұл мұнара бүгінде қаланың сәулет ескерткіші болып табылады

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Қазақстандағы жалғыз өрт бақылау мұнарасы Семейде сақталған
Фото:
Абай облысы әкімдігінен

Ескі шаһардағы ғимараттардың басым көпшілігі ағаштан салынып, бір-біріне жақын орналасқандықтан өрт бақылау мұнарасы бой көтерген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Екі қабатты ғимараттың жобасы бойынша сол кезде өрт сөндіру бригадасына арналған негізгі және қосалқы бөлмелер болған, - делінген Абай облысы әкімдігі таратқан ақпаратта. - Өрт сөндіру бекетінің ғимаратында өрт сөндіру көліктері шығатын бес қақпалы көлік тұрағы мен екі мұнара салынған. Оның бірі аймақты қарауға арналған болса, екіншісі өрт сөндіру құбырішектерін кептіруге арналған.

imgonline-com-ua-Resize-Dlw79800BsBOyG.jpg

Бұл мұнарада үнемі күзетте бір адам тұрған.

Қатаң талаптарға сәйкес болған адамдар ғана күзет қызметі алынған. Олар ұқыпты, шыдамды болып қана қоймай, қаланың барлық ауданын жақсы білуі, түтіннің түсіне қарап, өрттің ауқымын анықтай білуі тиіс еді, - делінген ақпарат көзінде.

imgonline-com-ua-Resize-HtyVS7bfu1tDN1Vt.jpg

Олар тәуліктің кез келген уақытында, жылдың кез келген күнінде өрт сөндірушілерге өрт апаты туралы ескертіп отырған. 1950 жылдардың басында мұнарада кезекшілік ету тоқтатылды.

Следующая →